+7 (727) 267-28-83

a737d21b 1018 4a7a 9584 a0f3de60f68e

26 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында белгілі өнер зерттеуші ғалым, ұстаз, ақын-сазгер Сағатбек Медеубекұлының «Оразай» атты тарихи дастанының тұсаукесер рәсімі өтті.

Автор бұл шығармасында өз заманында әділ би атанған, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болған, ел мен жер азаттығы үшін өмірінің соңына дейін күрескен, адами болмысы халық жадынан өшпей келе жатқан Оразай би Қожагелдіұлының (1966-1927) бастан кешкен оқиғаларын ұлт тарихымен үйлестіре өлеңмен өріп шыққан.

Шараның модераторы - Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы; ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы; жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақыш; Сағатбек Медеубекұлының ұстазы Тұрсынқан Шәлдибекова; белгілі ақын Мұрат Шаймаран; ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай; т.ғ.д, профессор Жомарт Сімтік; белгілі ақын Бекжан Әшірбаев; ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан және т.б. зиялы қауым өкілдері.

Шара аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев «Қапездің қоштасуы» әнін шырқап, Сағатбек Медеубекұлы аталмыш кітаптың бірнеше данасы Ұлттық кітапхана қорына табыстады.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, журналистер, БАҚ өкілдері және т.б.

0c975592 9653 4b70 8300 b2c68bfcc570   8ba5216d 67bc 45d3 93e7 b55f3e4d6cfc   54abd583 019c 4f38 9d8a 8a061b2774d0
49a81d5d 95d2 4bce b452 f5c8972b4943   00517da2 4d18 41fc 9199 d9a0c4ca158e   8862ca3a f474 4df1 8d69 241aab960ccd
a82da3e8 0e77 423d 9e5b 04cadc878e6b   b04b0869 0f85 40a9 b561 594835e16c14   e7a1cf5c 7223 4254 a9fd 1bd046710389