+7 (727) 267-28-83

Серік А

5 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасында публицист-жазушы, журналист, баспагер Серік Әбдірайымұлының 80 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұғырлы тұлға» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан алынған кітаптар Серік Әбдірайымұлының  өмірі мен шығармашылығына арналады.

Кітап көрмесінің мақсаты ─ қарымды қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Серік Әбдірайымұлының  шығармашылығымен таныстыру.

Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы мен кітапханашысы Шархан Мұхаммед-Қанапия кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Қатысушылар: С. Әбдірайымұлының туған туыстары, немере мен шөберелері,  зиялы қауым өкілдері, профессорлар, университет оқытушылары мен студенттері және т.б.