+7 (727) 267-28-83

91fc6e3b f1c4 4c4c ae45 84c50e98e1b3

3-14 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кітапханасының кітапханашылары М.К.Биболова мен Г.Н. Жазылбекова оқудан өтті.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханашылары құжаттарды ғылыми сақтау зертханасында кітапхана қорларын сақтау бойынша теориялық біліммен қатар құжаттарды биологиялық және физика-химиялық тұрақтандыру бойынша практикалық дағдыларды да меңгерді: рН анықтау, қышқылды бейтараптандыру және құжаттарды консервациялаудың мемлекеттік стандарттарымен танысты.

Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары құжаттарды қалпына келтіру және жөндеудің негізгі принциптері бойынша практикалық дағдыларды: желім дайындау, кітап блогын өңдеу, жаңа түптеу мұқабаларын жасау және т.б. үйретті. Мамандар тәжірибелік жұмыс барысында реставрациялық материалдармен және құрал-жабдықтарымен танысып, сонымен қатар өз бетінше кітап мұқабаларын қалпына келтіру  жұмыстарын жасады.

Мәдина Биболова мен Гүлмира Жазылбекова Ұлттық кітапханасының мамандарына құжаттамалық мұраны сақтау бағытында алған білімдері мен біліктіліктері үшін алғыстарын білдірді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханашыларына құрылымдық бөлімдермен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру курсын оқығандары туралы сертификаттар табысталды.

4a3d1cb6 8e69 4c48 9c76 0696d5c8b5df   e1914894 a2a1 411e ac1f 49e73f6a4f68   280f51fd f1df 457f 8927 1f5da29232fc