+7 (727) 267-28-83

914e1a17 b4f2 4e5b 921f 2721d953ba12

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің оқу залында жемқорлық құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің қауіпсіздігі үшін күрес» атты тұрақты жұмыс істейтін көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл қазіргі уақытта қоғамның үлкен мән берілетін өзекті мәселелерінің бірі.

Көрменің мақсаты - азаматтардың құқықтық сана деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын білуін және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларын қолдануын насихаттау.

Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, оған қарсы іс-қимыл шаралары мен жауапкершілік, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және оны жоюға бағытталған шаралар жүйесі туралы баяндайды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырып, "Сыбайлас жемқорлық – ауру, оған қарсы күрес – біздің парызымыз" қағидатын енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар жұмыстың жаңа форматтарына белсенді түрде кірісіп, оларды іс жүзінде қолданып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру қажет деп санайды.

Көрмеге Ұлттық кітапхана қорындағы басылымдар -  ҚР нормативтік-құқықтық актілері, монографиялар, оқу құралдары, ғылыми жинақтар, конференция материалдары, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар ұсынылды.

Көрмеде әдебиеттер заңнамалық база, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстандағы және шетелдегі ағымдағы ахуал, сыбайлас жемқорлық түрлері және онымен күрес тақырыптары бойынша топтастырылған. 

982c61b0 df67 40f7 8078 4451bb8eb881   f7534f1d 8b50 4192 8314 2273e26f2312   cb0a83c1-a041-4cb8-9921-861fb31b19f7.jpg