+7 (727) 267-28-83

4179cc58 f7e0 45d2 9393 a7e9f7f1ae14

22 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында кітапхана ұжымына «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі мен туындау кезіндегі халықтың іс-әрекеті тақырыбында» жиын өтті. Шараға Алматы қаласы, Бостандық ауданының ТЖБ бас маманы Айтқожаева Н.А және ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау полковнигі Худайбердиев С.Б. арнайы қатысты.

Іс-шара барысында «Жер сілкінісі кезіндегі эвакуация», «Төтенше жағдай кезінде халықты жинақтау пункті», «Дабыл чемоданы» атты тақырыптарда арнайы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетілді. Мамандар төтенше жағдайларға байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Апатты жағдайларда мекемелерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, қауіпсіздік ережелеріне бағыну, жер сілкінісі кезінде мекеменің қауіпсіз орындарында қорғану мәселелеріне тоқталып, төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, елімізде төтенше жағдайларға төтеп беру үшін әлемнің алдыңғы қатарлы озық технологиялары қолданысқа енгізіліп жатқандығына тоқталып, су тасқындары немесе өрт, жер сілкіну апаттары кезінде халықты сабырлықпен шешім қабылдауға шақырды.

77f3eb07 2297 42d7 bd46 0c6492fa8983   ad342830 534b 4d6a afc0 d0025d06ffc6
05372e89 6fd6 4e1f b4e4 356c89c31220   4f899a1d 25ac 4e0b bfec 09f1bf8d0ace