+7 (727) 267-28-83

9538c15b 1bb1 42f5 89f4 7198eaa105ba

23 қаңтар – 11 ақпан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының: «халық әні», «халық аспаптары», «айтыс өнері», «эстрада вокалисі», «эстрада оркестірінің әртісі», «кинотану», «кинотеледраматургия» мамандықтарының студенттері  дипломалды кәсіптік тәжірибеден өтті.

10 ақпанда Р.Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында аталған студенттер тәжірибелік жұмыстарын қорғады. Өнер бөлімінің жетекшісі Ж.А.Бармашанева мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова тәжірибе жұмысының жетекшілері ретінде сөз сөйлеп, олардың кітапхананың құрылымдық бөлімдерінен алған біліктіліктеріне тоқталып өтті.

Оқу орнының ұстаздары мен студенттері, өз кезегінде кітапхананың әкімшілігіне, бөлім жетекшілері мен қызметкерге алғыстарын білдіріп, өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.

12f4d698 d41e 4db1 b197 3e5f524539e2