+7 (727) 267-28-83

91ec1c3a 43e4 4100 9cd4 247ff5a95d0e

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова «Грибанов оқулары - 2022» халықаралық құрамның қатысуымен Бүкілресейлік ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысты. 

Конференция Якут АКСР-ның құрылғанына 100 жыл толуына және Ресей халықтарының мәдени мұрасы жылына арналған. 

Конференцияның мақсаты – кітапханалық-ақпараттық қызметті қазіргі заманғы дамытудың, атап айтқанда кітапханаларды цифрлық трансформациялаудың, ақпараттық үдерістер мен библиографияны, оқу инфрақұрылымын және Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыстағы байырғы халықтардың мәдени мұрасын сақтау жөніндегі тарихи-мәдени зерттеулерді дамытудың негізгі мәселерін сындарлы талқылау.

«Ұлттық және өлкетану библиографиясы: тарихы, жағдайы және жаңа көкжиектер» секциясының отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы баяндама жасап, Ұлттық кітапхананың осы бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесіне тоқталды.