+7 (727) 267-28-83

c8d33107 722f 4442 8a1e 33f26db33c8d

8 желтоқсанда  ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ ономастикасының негізін салушы Телғожа Сейдінұлы Жанұзақтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық ономастика феномені: ел тарихы, жер тағдыры» атты тілтанымдық мектеп алаңы аясындағы онлайн және офлайн форматта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.  

Іс-шараны кіріспе сөзбен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Фазылжанова Анар Мұратқызы ашып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыздархан Рысберген жүргізді.

Іс-шарада профессор Телғожа Жанұзақтың өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде бейнеролик көрсетілді.

Баяндамашылар: Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәлиұлы; Халықаралық медицина университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Қыдырәлі Конкобаев; С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, филология ғылымдарының  докторы, доцент Сәуле Иманбердиева; Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманалиев; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілеубердиев; мемлекет және қоғам қайраткері, тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы; филология ғылымдарының докторы,  Еге  университеті Түркі әлемін зерттеу институтының профессоры Ибрахим Шахин (Измир қ., Түркия) және т.б.

Конференция аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Т. Жанұзақтың ғылыми еңбекттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: филолог-ғалымдар,  Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ, ҚазҰҚПУ  және т.б. университеттердің профессорлары, жазушылар, редакторлар, студенттер, БАҚ өкілдері.

80c2d915 6f45 4326 b538 c0a004b5bdd9   67b8a514 51b2 439c 992e 5b02bf6bfec2