+7 (727) 267-28-83

23.123 қарашада Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай "Сыршыл лириканың сұлтаны" атты еске алу кеші өтті.

Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы  ашып,  жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: сыншы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекен Ыбыраймов; профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Нұрдәулет Ақыш; әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ; жазушы, ақын, юморист, әдебиеттанушы, суретші Жұмат Әнесұлы және т.б.

Шара барысында белгілі композитор, ҚР мәдениет қайраткері, Қаскелен колледж директорының орынбасары, ұстаз  Болат Ашербаев Сырбай Мәуленовтың сөзіне жазылған «Тарбағатай таулары»  әнін орындады

Кеште Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Абай атындағы ҚазҰПУ  Филология институты, Тұран  университетінің  Журналистика  факультетінің студентері және Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназия оқушылары Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

Шараның соңында С. Мәуленовтің ұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор Мәуленов Қасым Сырбайұлы қортынды сөз сөйлеп, әкесі туралы естеліктермен бөлісті.

Сонымен қатар іс-шара аясында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар:  Сырбай Мәуленовтың ұлы, қыздары, жақындары мен туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақындар-жазушылар, БАҚ өкілдері,  студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары және т.б.

23.32323.2