+7 (727) 267-28-83

28.32022 жылғы 28-30 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Маңғыстау облысы кітапханаларының қызметкерлері пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, библиографиялық көрсеткіштер мен дерекқорларды қалыптастыру, «Web-RABIS» бағдарламасының модульдерін пайдалану бойынша тәжірибелік оқытудан және тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алды.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы маңғыстаулық мамандарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кітапханашылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын айтып, өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді. Болашақта Маңғыстау облысы кітапханаларының басқа да қызметкерлері тағылымдамадан өтуге қызығушылық танытуда.

28.128.2