+7 (727) 267-28-83

30.02

2022 жылғы 29 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда ақын-импровизатор, композитор, Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Элмирбек Иманалиевтің «Аманат» атты қазақ тіліндегі кітабының (ауд. айтыскер ақын Айбек Қалиев) тұсаукесері өтті.

Шараның мақсаты: екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Кешті белгілі ақын,  филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы жүргізді.

Алғашқы болып сөз алғандар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрілігі Мəдениет комитеті төрағасының орынбасары  Алиев Данияр Абзалиденұлы,  Қырғыз Республикасы  Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Колдошов Түмөнбай Рахманович.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Колдошов Түмөнбай Рахманович, Алиев Данияр Абзалиденұлы, Мирлан Самыйкожо, Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Алтынбек Қоразбаев.

Сөз сөйлеген қонақтар: Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы  Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қырғызстанның Халық артисі  Алтынбек Қоразбаев, ақын-жазушы, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері  Рыскулов Акбар, Қырғыз Республикасының  тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты Кайыпов Сулайман Турдуевич, Кемел Тоқаевтың еңбегі мен шығармашылығын зерттеуші, белгілі кемелтанушы Айжігітов Бақтығали Cақымқожаұлы, ақын, айтыс ақтангері, филология  ғылымдарының  кандидаты Айбек Қалиев, Қырғыз Республикасының  ақыны Бакиров Карбалас, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қырғыз Республикасы, Жазушылар одағының төрағасы Қалыбеков Нұрлан және т.б.

Шара барысында айтыскер ақын, көптеген танымал әндердің авторы, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақ» радиосындағы«Кітапхана» бағдарламасының жүргізушісі Талант Арынғали жүрекжарды арнауын жолдады.

Іс-шарада танымал әнші Ұлту Қабаева «Сары ой» қырғыздың халық әнін орындады.

Кеште Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Философия және саясаттану факультеті мен Тұран  университетінің  Журналистика  факультетінің 1 курс студентері  Элмирбек Иманалиевтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

Шарада Азамат Болгонбаев, Асылбек Маратов, Акматбек Султан сияқты қырғыз елінің ақындары жыр шумақтарын арнады.

Шара соңында Қырғыз Республикасының депутаты Мирлан Самыйкожо қорытынды сөз сөйлеп, Элмирбек Иманалиевтің кітабының ерекшелігіне қысқаша тоқтала отырып, ұйымдастырушыларға және жүргізушіге жылы лебізін білдірді.  

Қатысушылар: Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары, т.б.