+7 (727) 267-28-83

IMG 20221026 WA001025-27 қазан аралығында Қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің маманы А. М. Шоманова М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасында «Сақтау аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. 

Конференция құжаттарды консервациялау және сақтау бойынша технологияларды дамытудың заманауи үрдістері аясында кітапхана қорларымен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби диалогын жалғастыруға арналған. Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық  Кітапханалық  Одақтың төрағасы Б.К. Оспанова «Құжаттарды сақтау және консервация жөніндегі Орталық Азия аймақтық орталығының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында құттықтау сөз сөйледі.

Конференция кітап мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және ілгерілетуге байланысты көптеген мәселелер бойынша пікірталас алаңы болып табылады. А.М. Шоманова «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап ескерткіштері зерттеу нысаны ретінде» баяндамасын оқыды.

IMG 20221026 WA0012IMG 20221026 WA0011