+7 (727) 267-28-83

21 қазанда Үлкен залда   «О, Отаным менің, көркем мекенім!» атты «Күзгі Ай» жас ақындар Республикалық поэзия  фестивалі аясында мүшәйра өтті.

Жобаның мақсаты - «Республика күнін» атап өту, жас ақындарға қолдау білдіріп, патриоттық сезімдерін ояту.

Алғашқы  құттықтау сөз:  белгілі журналист, әдебиеттанушы, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Жүнісбекұлы және жобаның авторы, ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры  Мұратхан Шоқан. 

Фестивальда «Қазақстан адам ресурстары» жеке мекемесінің демеушілігімен еліміздің әр өңірінен келгенн 20 жас ақынның арасында еркін тақырыптағы ашық байқау өтті.

Мүшәйрада:  бас жүлдені Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының, «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының жүлдегері, «Сағыныш қалды көзімде, «Бақыт гүлі», «Құндағы құтты Құрманғазы», «Айсезім» кітаптарының авторы, Атырау облысынан келіп отырған ақын Бабашты Бақытгүл Әміржанқызы иеленді. Бірінші орын иегері: Ершат Қайболдин.  Екінші орын иегерлері: Қасым Олжас, Бағдат Мүбәрак. Үшінші орын иегерлері: Нұртай Алтайұлы,  Назгүл Бердіқожа, Жадырасын Дәулет. Арнайы жүлде иегерлері: Ержан Жұмабек, Мұраталиева Арайлым, Мерей Қарт, Жангелді Немеребай. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары,  жастар, жыр сүйер қауым және  т.б.