+7 (727) 267-28-83

21 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасы № 19 орта мектепте «Тарих сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» атты аудандық семинар аясында "Жаңа Қазақстан: жаңғыру жол" атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көшпелі кітап көрмесіне Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл, Кенесары Қасымұлының туғанына – 220 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл, Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 110 жыл, Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл, Талғат Бигелдиновтің туғанына – 100 жыл, Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл, Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне – 30 жыл, Қазақстан Республикасы  Қарулы күштерінің құрылғанына – 30 жыл толуына орай кітаптар қойылды.

Көрменің мақсаты – жастарды адамгершілік пен білімділікке шақыру, қазақ халқының тарихымен таныстыру, ҚР Ұлттық кітапханасының бай қорын насихаттау.

Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қасымбекова Құттықыз және жас маман Мұхамедиярова Назерке кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Іс-шараға Алматы қаласындағы № 19 орта мектептің ұстаздары мен әкімшілігі, оқушылары қатысты.