+7 (727) 267-28-83

четин

11 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бұрынғы төралқа мүшесі, «Көлн Қазақ мәдени орталығының» құрметті төрағасы Абдуррахман Жәлелұлы Четиннің «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты кітабының тұсаукесері  өтті.

Кітапхана қорына сыйға тартқан кітапта әйгілі Зуқа батырдың немересі, осы көштің көзі тірі куәгері Абдуррахман ақсақалдың өмірбаяндық хикаясы Шыңжаңнан шыққан қазақтардың Түркия еліне жеткенше көрген тауқыметі, өмірде куә болған шынайы оқиғалары кейінгі ұрпаққа сабақ болсын деген мақсатта жазылған. Кітап 1950-ші жылдардың басында Гималай асып, Үндістанға тұрақтап, Түркияға орнығып, Германияға жұмысқа барған қандастардың көші туралы тарихи оқиғаларды қалың оқырман қауымға таныстырады.

Бұл шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: Т.Мамашев, С.Елубай, К.Сегізбайұлы,  М. Тоқашбаев, З. Сейітжанұлы,  Н.Мұқамбетханұлы және т.б.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бұрынғы төрағасы Талғат Мамашев, жазушылар Смағұл Елубай, Кәдірбек Сегізбайұлы және «Көлн Қазақ мәдени орталығының» құрметті төрағасы Абдуррахман Четин Жәлелұлы.

Тұсаукесер аясында Алатау дәстүрлі өнер театрының әншісі, «Қара пима» толғауының орындаушысы Алма Аманжолова, дәстүрлі әнші, домбырашы Нұржан Жанпейісов өнер көрсетті.

Мәдени іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, кәсіпкерлер, оқырмандар, кітапханашылар және БАҚ өкілдері қатысты.

b136b123 830e 4ef0 ba7b 60a27121db1f   Без названия   Без названия 1    
3ac57030 3489 403d ba3d 34284fb4cc06   808dbfd1 0fb7 4238 aab8 504ea6c24a68   b899a11c 95ab 49bc a22d 3ec837bad78a