+7 (727) 267-28-83

ШХ

4 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет ашты. Іс-шараны «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қызметкері, журналист Жарқын Сәленұлы жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Зейнеп Ахметова, Бауыржан Жақып, Жұмабай Біләлұлы, Ахмет Тоқтабай.

Сөз сөйлеген қонақтар: филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова; филология  ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов; жазушы Жұмабай Біләлұлы; жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек және т.б.

Шара аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Ердәулет Сардар мен Жанарыс Тілеубек домбырамен арнау орындады.

Қатысушылар: Қазақстан Жазушылар одағының басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері және ЖОО студенттері.

4db78b18 0bf2 4fd8 ae1c 27890baf5334   cef266aa cf89 47cd 8ba8 31f3edf8afe1   75416d1a 399d 404d 99e3 fd388c6338b3