+7 (727) 267-28-83

корей

21-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай «Корей киносының күндері» атты кинофестиваль өтті. 

Шараны ұйымдастырушы: Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулдығы.

Кинофестивальдің мақсаты ─ қазақстандықтарды, Алматы қаласының тұрғындарын Кореяның мәдениетімен және кинематографиясымен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу, сонымен қатар фильмдер арқылы корей халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және тарихымен жақынырақ танысу.

Кинофестивальдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Пак Нечхон мырза сөз сөйледі. Іс-шараға қатысқандар: Алматы қаласы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бөлегенов Бақытжан Ерғалиұлы; Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Фагани Мохсен мырза және т.б.

Кинофестивальде  үш фильм көрсетілді: «Читающий по лицам», режиссері Хан Чже Рим; «Идеальный человек», режиссері Ён Су; «Курсы английского языка компании Самджин», режиссері Ли Джон Пиль. Ұсынылған фильмдердің барлығы сюжеті бойынша әртүрлі, бірақ оларды ең маңызды және өзекті тақырыптардың бірі - отбасылық қарым-қатынастар және қазіргі күрделі жаһандану уақытындағы адамзат құндылықтарын сақтау мәселесі біріктірді. Кинофестивальдегі фильмдер корей тілінде, субтитрлерімен ұсынылды. Корей тілін үйренушілер, корей мәдениетімен жаңа танысып жатқан көрермендер үшін корей тілін түпнұсқада тыңдау қызық болды. Барлық фильмдердің көрсетілімі алматылық көрермендердің қызығушылығын арттырды.

корей2   корей3