+7 (727) 267-28-83

24тамыз

24 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті сабағы өтті.

Бұл курсты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance холдингі әзірлеген. «Freedom Finance Camp» - балаларға арналған тегін білім беру лагері. Лагерьдің мақсаты – балаларға ақшаның не екенін, оның айналымын қалай жүргізу туралы, ақша табуды, үнемдеуді және тиімді жұмсауды қарапайым және түсінікті түрде жеткізу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Банктер, сақтандыру компаниясы және балалардың тайм-менеджменті». Бұл сабақта балалар өздері дайындаған жұмыстарымен таңыстырды. Одан кейін депозит пен несиенің не екенін, сақтандыру түрлерімен танысуды жалғастырды, балалармен Эйзенхауэр матрицасы мен ақша матрицасын талдады және т.б. тақырыптар бойынша тренинг жалғасын тапты.

Курсты «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының тәлімгері Досниязова Үміт Қуанышбекқызы жүргізді. Балалар белсенді қатысты, сұрақтар қойып, жауап берді.

 DSC0009    DSC0008    DSC0005