14 тамызда Қазақстандағы Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында 6-11 жас аралығындағы балаларға арналған «Балалық шақ поэзиясы» шығармашылық кездесуі өтті.
Кездесу барысында балалардың белсене қатысуымен өлең оқылды, әдеби сұрақтарға жауап берілді, суреттер салды, импровизация жасалды, ойын түрінде өтті.
Ақын, «Поэтика» @poetica.kz клубындағы кездесулердің бірлескен ұйымдастырушысы Альфия Хасанова мен жазушы Екатерина Алимп-Даниленко «Балаларға арналған поэзия» шеберлік сабағын өткізді. Мәнерлеп оқұды жаңадан үйренуші Любовь Форат Андрей Усачевтің «Умная собачка Соня» шығармасынан бірнеше әңгіме оқыды.
Шара соңында барлық балаларға кітаптар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
![]() |
![]() |
![]() |