+7 (727) 267-28-83

01159f78 b76c 40c3 a292 9252ac0af06b

15 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Құқық иеленушілердің республикалық конференциясы өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар: «Абырой» авторлық қоғамы» ҚБ және «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» ҮЕҰ.

Конференцияның негізгі мақсаты – отандық авторлық құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары турасында жан-жақты талқылауға арналған ақпараттық алаңға айналу.

Конференцияны «Абырой» авторлық қоғамының» төрағасы Суленов Марс Сейілбекұлы ашты. Іс-шараны Абдулхаликов Ринат Абдулханұлы  жүргізді.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда зияткерлік меншік құқықтарын іс жүзінде қолдану, шығармашылық қызмет нәтижелерін жасау мен пайдалануды құқықтық реттеу, сондай-ақ олардың экономикамен, ақпараттық қоғаммен өзара әрекеттесуі, цифрландыру, сәулет, баспа ісі және т.б. тақырыптар бойынша ауқымды мәселелер қозғалды.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Алтынбеков Ермек Мұхитұлы; ҚР креативті индустриялар тұжырымдамасын әзірлеуші Данат Жумин; «Қазақфильм» АҚ президентінің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, з.ғ.к. Шаукенов Әли Темірленұлы; «Қазақфильм» АҚ заң қызметінің басшысы Сейфуллин Данияр Әмірұлы; «Қазақстан Суретшілер одағы» басқармасының мүшесі Хайруллина Асия Укеевна; ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы және т.б.

Қатысушылар: авторлар, композиторлар, актерлер, орындаушылар, фотографтар, журналистер, кинорежиссерлар, продюссерлер, баспагерлер, құқық иеленушілер, Қазақстанның бизнес өкілдері, сарапшылар, мүлікті басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, ұжымдық негіздегі құқықтарды, жетекші ғалымдар – жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау органдары және басқа да құқық иеленушілер.

a86d2765 225f 45b4 aa92 8147b7584e57