+7 (727) 267-28-83

284602546 5009803199117097 6688161512291977811 n

25 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиева заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Ударцев Сергей Федоровичтің ғылыми және қоғамдық қызметінің 50 жылдығына арналған кітаптардың тұсаукесеріне онлайн форматта қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы – С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті.

Н.А. Искалиева ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанованың атынан және жеке өзінің атынан Сергей Федоровичті мерейтойымен  құттықтап, сөз сөйледі.

Н.А. Искалиева Ұлттық библиография қызметі дайындаған «Сергей Федорович Ударцев» биобиблиографиялық көрсеткішінің таныстырылымын ұсынды. Көрсеткіш 761 библиографиялық жазбадан тұрады, кітап ішіндегі және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларды, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі жарияланымдар мен кітаптарды қамтиды. Көрсеткіште 1971 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген басылымдар хронологиялық тәртіппен ұсынылған.

Көрсеткіште құқық және мемлекет теориясы мен тарихына, Конституциялық құқықтағы, құқықтық және саяси ой тарихы бойынша іргелі еңбектерге басты назар аударылған. Заң, ғарыш құқығы, сараптамалық қорытындылар, шешімдер және т.б. тұтастығымен ерекшеленген еңбектер енгізілген. Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорының және үш тілдегі «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар», «Диссертациялар», «Қазақстан кітаптары» деректер базалары негізінде құрастырылды. Сонымен қатар көрсеткішке «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының, Ұлттық Академиялық кітапханасының (Нұр-Сұлтан, қ.), Ресей мемлекеттік кітапханасының деректер базасынан, сондай-ақ жетекші әлемдік кітапханалардың интернет ресурстарынан, бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ), С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті сайтынан библиографиялық жазбалар енгізілген.

Таныстырылым барысында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі С.Ш. Исаканова «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясы аясында С.Ф. Ударцевке арнап өздері шығарған биобиблиографиялық көрсеткіш туралы айтып берді.

282694952 5009803225783761 3340469944260796258 n