+7 (727) 267-28-83

2405

24 мамырда Н. Дәулетова атындағы залда «Түрксой» басылымдарын ҚР Ұлттық кітапханасына табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы жүргізді.  

Кездесуде  белгілі ақын,  профессор,  ҚР Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып сөз алып, «Түрксой»-дың қызметі туралы жан-жақты тоқталды. Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы - «Түрксой»-дың бас хатшысы, қырғыз жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Раев Сұлтан  Әкімұлы түркі мәдениеті мен әдебиеті турасында тағылымды ой қозғады.

Сөз сөйлеген қонақтар: жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай; жазушы, профессор, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев; жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Ахметжан Әшири Ақсупиұлы; жазушы, профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Нұрдәулет Ақыш;  жазушы, журналист Қайым-Мұнар Табеев; әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ;  қоғам қайраткері Асылы Осман Әлиқызы; ақын, «Серпер»  жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер және т.б.

Шара соңында «Түрксой» ұйымының бас хатшысы Раев  Сұлтан Әкімұлы қорытынды сөз сөйлеп, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына  Алғыс хат табыстады.

 Ұлттық кітапханамыздың атынан Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Сүлеймен Бақырғанидың «Хикмат Хазірет Сұлтан Әл-Ғарифин» атты кітабын «Түрксой» ұйымына сыйлады.

 Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының қорына  қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев, жыр алыбы Жамбыл,Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин туралы «Үш арыс», Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүйлейменов сияқты біртуар тұлғаларымыз туралы 100-ден астам қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, әзірбайжан тілдерінде Халықаралық «Түрксой» ұйымынан шыққан кітаптар сыйға тартылды.

Қатысушылар: белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, кітапханашылар және т.б.

283815360 5001847489912668 1697252248526678997 n   283804155 5001847373246013 3829453961258896602 n   283826477 5001847726579311 5660111066510616289 n   283786294 5001847549912662 3666460684337305617 n
283482996 5001843569913060 999488712119042648 n   283805695 5001847583245992 7112709560484105530 n   283887551 5001847459912671 8180246992754541797 n   283937583 5001842383246512 1860778337797433186 n