+7 (727) 267-28-83

280870736 4985843751513042 6746247782429132156 n

18 мамырда Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары «Үлкен форматтағы құжаттарды қалпына келтіру» және «Әртүрлі қағаз түрінен жабысқақ ленталарды алу» тақырыптары бойынша "Кітапхана қорларын сақтау: Қалпына келтіру мектебінің" арнайы іс-шарасының онлайн трансляциясына қатысты. 

Аталған шара Бүкілресейлік кітапханалар конгресі: Нижний Новгородтағы Ресей кітапханалар қауымдастығының ХХVI жыл сайынғы конференциясы – 2022 аясында 15-20 мамыр аралығында ұйымдастырылды.

Қалпына келтіру мектебінің мәжілісінде аэрозольді қолдану арқылы әртүрлі қағаз түрінен жабысқақ ленталарды (скотч, лейкопластырь)  алу, сондай-ақ карта, плакаттар сияқты үлкен форматты құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша шеберлік сабақтары ұсынылды.

280768767 4985843774846373 3212175897504463659 n   281340700 4985843861513031 1021155513504379172 n