+7 (727) 267-28-83

дуаль

27-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашылары Р.К. Мыспаева мен А.Қ. Мухарам кітапхана қызметкерлері мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттеріне арналған кәсіби әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына түсетін жаңа мерзімді басылымдар таныстырылды.

Кітапханашылар: «Кітап & Кітапхана», «Вестник БАЕ», «Библиотека», «Библиотековедение», «Современный библиотекарь», «Научные и технические библиотеки», «Библиотечное дело» кәсіби журналдарында жарияланған өзекті тақырыптармен және мақалалармен танысты.

ЖОО оқушылары, ұлттық кітапхана қызметкерлері шет елдердің кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар туралы ақпарат алып, шет елдерде қандай ерекше кітапханалар бар екенінен хабар алды. Теориялық білімді өз бетінше алу және оларды тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Іс-шара қызметкерлердің көңіл-күйін көтеру үшін тренинг-жаттығулармен аяқталды. Студенттер мен кітапхана қызметкерлері қызықты және ерекше шолу үшін Р.К. Мыспаева мен А. Қ. Мухарамға алғыстарын білдірді.

дуаль1   дуаль2   1651215379721