+7 (727) 267-28-83

277799913 4878288092268609 7860826947554338745 n

8 сәуірде Н. Дәулетова атындағы залда ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының  туғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҺӘМ АЛАШТЫҢ  АХМЕТІ»  атты халықаралық конференция өтті.

Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы және ҚР Ұлттық кітапханасы.

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізілген.

Конференцияның мақсаты – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері, саяси публицист, Алаш партиясының мүшесі  Ахмет Байтұрсынұлының  қоғамдық-саяси көзқарастары мен ғылыми идеяларын зерттеу, зерделеу. Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері әлемге кеңінен танымал.

Халықаралық конференцияны ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы  Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізіп, алғашқы құттықтау сөзді ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Сүлейменов Олжас Омарұлына берді. Сонымен қатар  құттықтау сөз сөйлегендер: Алматы қаласы  әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының  төрағасы, Қазақстанның  еңбек  сіңірген қайраткері Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет.

Онлайн режимінде құттықтау сөзбен: ЮНЕСКО Бас директорының  әлеуметтік  және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі орынбасары (видеоүндеу), ЮНЕСКО Штаб-пәтерінен (Париж, Франция) Габриэлла  Рамос,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары (Нұр-Сұлтан, Қазақстан)  Арғынбеков  Мақсат Арғынбекұлы бейнехабарлама жасады.                                      

Негізгі баяндамашылар: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы;  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымының кандидаты Фазылжан Анар Мұратқызы; ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Матыжан Кенжехан Ісләмжанұлы.

Онлайн режимінде баяндамашылар: педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент,  Өзбекстан Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару академиясының оқытушысы  (Үргенш, Әндіжан. Өзбекстан) Исмаилова Шамсия Курултаевна; Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор (Бішкек, Қырғызстан) Маразыков Турусбек Сейдақметұлы; Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік универ-ситетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов мұражайының директоры (Қостанай, Қазақстан) Жақып Қалқаман.

Баяндамашылар: Филология ғылымдарының  кандидаты, М.О. Әуезов  атындағы  Әдебиет және өнер  ннститутының  бөлім  меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна; А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Имаханбет Райхан Сахыбекқызы; ф.ғ.д., алаштанушы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология  ғылымдарының докторы, жазушы, әдебиеттанушы Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы; ЮНЕСКО қамқорлығындағы  Мәдениеттерді жақындастыру  орталығының  бас  ғылыми қызметкері, жазушы Қапалбекұлы Нағашыбек;  филология ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Шота Қарлығаш Нұғманқызы.

Іс-шара  аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы ─ Ахмет Байтұрсынұлы» атты  кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияға әлеуметтік және  гуманитарлық ғылымдар, соның  ішінде тілтану және тарих саласының  жетекші  мамандары, зерттеуші ғалымдар,  қоғам және  мемлекет қайраткерлері, халықарарық ұйымдардың, білім беру, зерттеу ұйымдарының өкілдері,  БАҚ өкілдері, оқытушылар, докторанттар, отандық және  шетелдік ЖОО студенттері қатысты.

277771790 4878288288935256 5229197787488855408 n   277758665 4878288568935228 3721259632448036529 n   277772362 4878288228935262 6337571923381819194 n
277779328 4878288148935270 8793294836592857681 n   277803185 4878288378935247 3993550678329873427 n   277781831 4878288725601879 8324883989431751132 n