+7 (727) 267-28-83

815ae693 c6f0 4dab 8944 c9069281c818

29 наурызда Дін және дәстүр залында Әбіш Әділбектің «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» атты кітабы мен «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» атты CD-дискінің  тұсаукесері өтті.

Кешті  ақын, Президент сыйлығының иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Іс-шарада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Мырзабаев құран оқыды.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Жұлдыз Мақатаев, Берік Жүсіп, Руда Зәйкенова.

Сөз сөйлеген қонақтар: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тоққожа Қожағұлов, Талғар ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Кәмнұр Тәлімұлы, эпик жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Жүсіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сансызбай Мәдиев  және т.б.

Автор кітапқа  енген XIX-ғасырдағы  Құланаян Құлмамбет пен тағы басқа бұрын жарыққа шықпаған Жетісу ақын-жырауларының жыр-термелерінен үзінді орындады.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы қорына жаңа кітап сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым, ЖОО студенттері, Ұлттық кітапхананың жас мамандары мен БАҚ өкілдері.

05336e1e be54 4d69 9393 6a2ae1a60d1f   ca9a0674 a705 48a4 851c 3be3bdc4711b   cdc4cf0f c673 42e8 afec 8690058f3ac3
db615bab b1aa 4a19 92ff ba425d6a05d8   e36de906 0125 4a9b b595 d99635382490   cb4621f4 c101 435f a3cd 23fee616867c