+7 (727) 267-28-83

91dedd61e5d193e927559285a32dcb63

2022 жылғы 24 ақпан, сағат 11.00-де Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Қазақстандағы балалар жылы» және «Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжімен бірлесіп  «Кітапқа құмар жастар» атты әдеби іс-шара өтеді.

 

 

Іс-шараның мақсаты – жастардың кітап оқу белсенділігін арттыру, оларды шетелдік әлем әдебиеттерімен таныстыру. Өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын ояту.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қытай авторларының кітаптары мен қазақстандық жазушылардың қытай тіліндегі аудармалары ұсынылған «Қытай балалар әдебиеті» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кеш бағдарламасында өлеңдер оқылып, қатысушылар арасында әлем әдебиеті мен қытай  әдебиеті бойынша білімдерін көрсететін викторина өткізіледі.