+7 (727) 267-28-83

2022 жылғы 2 наурыз, сағат 15.00-де Н.Дәулетова атындағы залда  «Бәрін білгім келеді»  балалар мен жасөспірімдер интеллект-орталығының жұмысы аясында жоғары сынып оқушыларын отандық бизнес өкілдерімен таныстыру, қаржылық сауаттылық, өз ісін ұйымдастыру, сондай-ақ жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін «Табысқа жетудің қадамдары»  атты  тақырыптық кездесу өтеді.

Тәжірибелік кездесулер, әңгімелесулер республикамыздың сауатты, креативті, бәсекеге қабілетті, өнегелі жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Іс-шараның мақсаты - бизнесті ұйымдастыру, бизнес-жоспарлау дағдылары бойынша оқушыларға қажетті тәжірибелік білім алуға көмектесу.

Кездесу қонақтары белгілі қазақстандық бизнесмендер: Сырымбек Тау – "Yokohama и Triangle" Шина сату компаниясының дистрибьютері, "Daco motors KZ" компаниясы "SamgaPress" баспаханасының иесі; Дәулелханұлы Болатбек – "GOLDEN BRIDGE PARTNERS" ЖШС өкілі; Жұмаханұлы Құмар - "Автомода" компаниясының негізін қалаушы, өндірісті ашу бойынша табысқа жету әдістемесінің авторы. Мұндай кездесулердегі мотивация, тайм-менеджмент, команда құру, тиімді маркетинг сияқты тақырыптар жас оқырмандар үшін пайдалы және қызықты.