+7 (727) 267-28-83

М.Ауезов

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының оқу залдарында қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған кең көлемді деректі кітап көрмелері ұйымдастырылды

М. О. Әуезов 1897 жылы Шыңғыстау шатқалында (Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Орыс мектебінде, мұғалімдер семинариясында, Ленинград (Санкт-Петербург) университетінің филология факультетінде, Орта Азия университетінің аспирантурасында білім алған.

Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, әлемге әйгілі жазушы және драматург ретінде құрметті орын алады. М. Әуезовтің ерте жазылған ең алғашқы шығармасы «Еңлік-Кебек» пьесасы болды. «Қаракөз» драмасы 1926 жылы Қызылордада өткен драматургтер байқауында бірінші жүлдеге ие болды. М.Әуезовтің ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы «Абай жолы» роман-эпопеясы –

Кеңес әдебиетінің көрнекті туындысы. «Абай жолы» төрт томдық романы «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді. Оның шығармасы бойынша түсірілген фильм КСРО атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

Оның «Бәйбіше-тоқал» драмасы да ерекше орын алады. Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» (1921), «Кім кінәлі?»(1923), «Үйлену» (1923), «Оқыған азамат» (1923), «Қаралы сұлу» (1925), «Асудағы атыс» (1927) және басқалары. Сондай-ақ,

М. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа саласы – абайтанудың негізін қалаушы және әлемге әйгілі жазушы. Оған 20-дан астам пьеса тиесілі, оның ішінде: «Айман-Шолпан» (1934), «Абай» (1940 ж. қойылым, Л. С. Соболевпен бірге), «Қаракөз» (1926), «Қара қыпшақ Қобыланды» (1943-1944), «Түнгі сарын» (1934), «Шекарада» (1937), «Сын сағатында» (1942) және басқалары.

Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және басқа да көптеген мемлекеттік және шетелдік наградалармен марапатталған.

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінде «Кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» көрмесінде жазушының латын әліпбиіндегі 1922 жылы шыққан «Еңлік-Кебек» драмасы, 1934 жылы шыққан «Айман-Шолпан» пьесасы, 1936 жылы жарық көрген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасы, 1927 жылы басылған «Әдеби хрестоматия», жазушыны бүкіл әлемге танытқан «Абай» тарихи романының алғашқы басылымдары, сонымен қатар, 1942 жылы шыққан 20 томдық шығармалар жинағы және т.б. әлем халықтарының тілдеріне аударылған шығармалар ұсынылды.

«Қазақстан кітаптары» оқу залында «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұсынылған материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ол туралы әдебиеттер. Жазушының 1947 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Еңлік-Кебек», «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі», «Көксерек», «Қилы заман», «Қаракөз» драмалары және т.б. шығармалары қойылды. 400 -ге жуық басылым оқырман назарына ұсынылды.

Әлем әдебиеті залында ұйымдастырылған «Әуезов әлем әдебиетінде» атты кітап көрмесінде жазушының 1945 жылдан бастап әлем халықтарының 29 тіліндегі шығармалары ұсынылған. Оқырмандарға автордың орыс тіліндегі "Абай" (1945); румын тіліндегі «Abai» (1950, 1961); ағылшын тіліндегі «Abai» (1962), «Mukhtar Auezov museum» (1967); Вьетнам тіліндегі «Tuoi tre cua Abai» (1967); бенгал, араб, болгар, фин, эстон тілдеріндегі «Асудағы атыс» аудармалары қызықты болады; «le temps des tumeltes» француз тілінде; "Абай жолы" романы ағылшын, урду, хинди, түрік, парсы, поляк, чех, моңғол, неміс тілдерінде; «beauty in mourning and other stories» ағылшын тілінде; «makaleler» түрік тілінде; «Көксерек» қытай тілінде және ТМД халықтарының: әзірбайжан, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, молдаван, украин және татар тілдерінде ұсынылды.

Мерзімді басылымдар залында «Ұлы суреткер ұлағаты» атты көрмесінде М. Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның ҚР Ұлттық кітапханасының мұрағаттық қорынан мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері жинақталған. «Абай», «Жұлдыз», «Пионер», «Таң-Шолпан», «Халық мұғалімі» және т.б. журналдардағы бірегей мақалалары ұсынылған.

С.Зиманов атындағы Диссертациялар залында «Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты диссертациялар көрмесі М. Әуезовтің еңбектері мен шығармашылық қызметін зерттеген ғалымдардың қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми жұмыстарын ұсынады.

Өнер бөлімінде «Өнерімізді өркендеткен Ұлы тұлға» экспозициясы жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған 150-ге жуық басылымды, оның театр, музыка, бейнелеу және кинематографиялық өнердегі шығармаларын ұсынады: М.Әуезов «Еңлік-Кебек», Г. Омарханова; А. Азиев «Лик гения»; «Қазақстан өнерінің 100 жауһары»; Қ. Әбдезұлы «Әдебиет және өнер»; Ғ. Құрманғалиқызы «Әуезов және кино» және т. б. безендірілген бай материал ұсынылған. М. Әуезовтің винил грампластинкалардағы тірі дауысының жазбаларын тыңдауға болады.

Көрмеге жазушының шығармашылық қызметіне қызығушылық танытқандардың барлығын шақырамыз!