+7 (727) 267-28-83

ЖО29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н. Дәулетова залында Қазақстан Жазушылар одағының «Тәуелсіздік әдебиеті» атты әдеби жыл қорытындысы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып жүргізді. Жиында алғашқы сөзді Қазақстан Жазушылар одағы басқарманың Төрағасы Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет бастап, әдеби жылды қорытындылады.

Баяндамашылар: Саят Қамшыгер, Әлібек Байбол, Хамит Есаман, Жаңабек Шағатай, Болат Жүнісбеков, Дандай Ысқақұлы, Амангелді Мұқан, Үміт Зұлхарова, Мұрат Шаймаран, Иминжан Тохтияров.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша ақындар мен жазушыларды Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапаттау рәсімі болды. 

Қатысушылар: Қазақстанның ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері.

ЖО1   ЖО2   ЖО3
ЖО4   ЖО6   ЖО8
ЖО5   ЖО7   ЖО9