+7 (727) 267-28-83

Ко

3 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кореямен танысу» кітап бұрышы жұмысының аясында «Корей әдебиеті кеші» өтті.

Іс-шараның мақсаты - корей мәдениетімен, тарихымен танысу, корей әдебиетінің білім аясын кеңейту және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту. Кешті ұйымдастырудағы серіктестер – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры.

«Корей әдебиеті кешін» ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су ашты.

Кеш қонақтары: Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Есдәулет Ұлықбек; Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангирович сөз сөйледі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері, Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығының қызметкерлері корей ақындарының: Хан Ен Ун, Ан До Хен, Ким Кван Соп және т.б. авторларының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Іс-шара Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры әртістерінің концерттік номерлерімен сүйемелденіп, ұлттық билер мен халықтың корей әндері орындалды.

«ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан корей әдебиетінің» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде көркем әдебиеттер, поэзия және Корей тарихының кітаптары, сондай-ақ Қазақстандағы корей авторларының қазақ және орыс тілдеріне аударылған шығармалары және қазақ жазушыларының корей тіліндегі кітаптарының аудармалары қойылды.

К1   Ко1   Ко2   Ко3
К5   К2   К4   К3
К8   К9   Ко4   Ко5