+7 (727) 267-28-83

сертификат

25-27 қазан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Түркістан облысы кітапханаларының мамандары: А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушілері Г.С.Өмірәлиева, Ж.Е.Сапархан; Төле би ауданы №1 қалалық филиалының библиографы Н.А.Нұрғазиева; Сайрам аудандық ОКЖ библиографы С.Пазилаева; Келес аудандық ОКЖ бөлім меңгерушісі С.У.Асанова Web-РАБИС автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі және кітапхана жұмысының басқа да бағыттары бойынша біліктіліктерін арттырып, іс-тәжірибелік оқудан өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б. Оспанова іс-тәжірибеден өткен мамандарға сәттілік тілеп, сертификаттар табыстады. Олардың келешектегі жұмыстарына сәттілік тілеп, Ұлттық кітапханадан алған білімдерін өңірлерінде табысты жүзеге асыратындарына сенім білдірді.

Біліктіліктерін арттырған әріптестер де оқу барысындағы әсерлерімен бөлісіп, Ұлттық кітапхана басшылығына, тікелей дәріс берген кәсіби мамандарға шынайы алғыстарын жеткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова мен Ақпараттық ресурстар қызметінің топ жетекшісі Л.Н.Өкпебаева сабақ барысында  әріптестерге мүмкіндігінше толыққанды әдістемелік көмек көрсетілгенін, тақырып бойынша барлық мәліметтер қамтылғанын жеткізді.  Кітапханашыларға түркістандық кітапханалардың қорларын толықтыру үшін құнды кітаптар мен журналдар сыйға табысталды.

сертификат1   сертификат2
сертификат3   сертификат4