+7 (727) 267-28-83

зум

29 қыркүйек, сағат 14:30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ZOOM тұғырнамасы арқылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай онлайн-форматта ұйымдастырған «Ы. Алынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты халықаралық конференциясы ауқымында "Ы. Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы секциялық жұмысына қатысты.

Онлайн-конференциядағы Ы.Алтынсарин музейі мен Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы бірлесе өткізген секция жұмысына қатысушылар ұлт ұстазының еңбектерін, ағартушылық қызметіне тоқталып, Ы. Алтынсарин мұраларының өзектілігі төңірегінде пікір алмасты. Конференция барысында Ыбырай Алтынсарин идеялары және оның ағартушылық мұрасын зерделеу мен насихаттаудың өзекті мәселелері және т.б. тақырыптар қозғалды.

Конференцияда Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музей директоры Марғұлан Оспанов және Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық-әмбебап ғылыми кітапхана директоры Дариха Дүйсебаева модератор болды.

Оған  130-ға жуық кітапханашылар мен музей қызметкерлері қатысып, 9 зерттеушінің баяндамасы тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан онлайн-конференция жұмысына Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Қ.Бекпулатова, топ жетекшісі Л. Б. Абдрахманова қатысты. А.Қ.Бекпулатова Ы. Алтынсариннің Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы еңбектерімен таныстырып, тың ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.

Сайтта

Қазір сайтта 558 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.