+7 (727) 267-28-83

ББ

22 қыркүйек, сағ. 15.00-де Н.Дәулетова атындағы залда «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының ұйымдастыруымен «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға «OrdaGen» жобасының негізін қалаушы, идея авторы Айбек Қуатбай, жоба директоры Парасат Тәнен, Алматы қалалық мәдениет және білім басқармалары басшылары және балалар әдебиетінің жанашырлары қатысты.

Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Үш түрлі тақырыпта қысқаметрлі мультфильм түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілді.

Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан ашып, Абылайхан Сұлтанмұратұлы жүргізді.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Л.Жылқыбаева, Ғ.Майлыбаев, М.Шоқан, Е.Жеңісұлы, А.Садырбай, Ж.Нармаханова.

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева және Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, балалар әдебиетінің жанашыры, журналист, «Ақжелкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, белгілі журналист Асхат Садырбай, «Ұлан» газетінің бас редакторы, журналист Жадыра Нармаханова, «OrdaGen» жобасының үздік ертегішілері Ләйлә Сұлтанбек, Жазира Жарекеева, Ақан Марғұлан, Ыдырыс Дәулетхан.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапхананың қорына жаңа кітап даналары сыйға тартылды және қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, оқырмандар, БАҚ өкілдері және т. б.

ББ1   ББ2   ББ3
ББ4   ББ5   ББ6
ББ7   ББ8