+7 (727) 267-28-83

1кат

14-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебі аясында Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының кітапханашы мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.

Оқу барысында мамандар отандық Web-RABIS бағдарламасымен жұмыс жасау бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар алды. Тыңдаушыларға Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру тұжырымдамасы таныстырылып, электронды басылымдарды есепке алу және оларды сақтау тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ құжаттарды ғылыми өңдеу және индекстеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді, электрондық ресурстарды, топтық өңдеу құжаттарын каталогтау және толық мәтінді мәліметтер базасын жүргізуге ерекше назар аударылды. Статистикалық көрсеткіштерді шығару және библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру бойынша WEB-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінің қосымша мүмкіндіктері көрсетілді.

Кітапханашы мамандар үшін арнайы ұйымдастырылған кәсіби экскурсия барысында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жаңартылған «Алматы-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру аясында құрылған «Alatau Creative Hub» инновациялық мәдени орталығымен, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметімен танысты.

Іс-тәжірибелік оқу соңында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, сондай-ақ Қазақстандық Кітапханалық одақтың төрайымы Б.Қ. Оспанова тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттар табыстады.

×××

ҚР Ұлттық кітапханасы Каталогизатор мектебі мен Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебіне еліміздің көпшілік кітапханалары мамандарын біліктілігін арттыруға шақырады.

2кат   4кат   6кат   9кат
3кат   8кат   5кат   7кат