27 мамырда ҚР Ұлттық кітапханада кітапхананың 110 жылдық мерейтойына орай «Хабар» агенттігі Алматы филиалының директоры Хангельдина Қымбат Садықбекқызы бастаған «Хронограф - 2021» деректі фильмінің түсірілім тобымен кітапхана ұжымы арнайы кездесу өткізді.
Екі бөлімнен тұратын деректі фильм Ұлттық кітапхананың тарихына арналған, фильмде кітапхананың қалыптасуы мен дамуы, құрылымы мен қызметі, сондай-ақ бай кітап қоры мен сирек кітаптар мен қолжазбалар бірегей қоры, сонымен қатар кітапханашылар туралы көптеген ақпараттар мен архивтік материалдар, суреттер мен бейнематериалдар қамтылған.
Кездесу барысында кітапхана директоры Б.Қ. Оспанова «Хронограф - 2021» деректі фильмін түсіруге тікелей қатысқан және атсалысқан түсірілім тобына ризашылығын білдіріп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 110-жыл» төсбелгісін табыс етті:
«Хабар» агенттігі Алматы филиалының директоры директоры Қ.С. Хангельдина;
Бас редактор - К.Б. Хасенова
Режиссер - Н.А. Ахметов
Жоба авторы, журналист - Д.М. Букаева
Жоба авторы, журналист - И.Б. Оразалинова
Телеоператор - А.З. Абдешов
Әкімші - А.Ж. Сексенбаева
Архив редакторы - Х.Б. Дайржанова
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |