+7 (727) 267-28-83

БШ

5-9 сәуір аралығында қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің қызметкерлері Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) қолдауымен Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК) және Еуразия Кітапханалық Қауымдастығы (БАЕ) өткізетін жыл сайынғы «Құжаттарды қалпына келтіру: консерватизм және инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысады.

Семинар кітапхана, мұражай және архив қорларының қалпына келтірушілері мен сақтаушыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Сарапшылар ретінде Армения, Беларусь, Египет, Франция, Ресей және Нидерландыдан  көне кітаптарды сақтау, қалпына келтіру және қалпына келтірудің басым бағыттары саласындағы көп жылдық ғылыми тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар шақырылды.

Қағаз құжаттарды сақтау бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі, х.ғ.к. Б. Ш. Сәрсенбаева және шығыс кітаптарын түптеу,  қалпына келтіру бойынша қалпына келтіруші маман А.Е. Маратбек өз тәжірибелерімен  бөліседі.

Семинар бағдарламасында «Дәстүрлі армяндық түптеуді қалыптастыру», «Копт капталын тоқу», «Мәрмәр қағаз дайындау» және т.б. тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтар мен шеберлік-сыныптар өткізу қарастырылған.