+7 (727) 267-28-83

78149212С

«Өнер» бөлімінің оқу залында суретші-график, Қазақстан Республикасының халық суретшісі Сидоркин Евгений Матвеевичтің (1930-1982) 90 жылдығына арналған «Қазақстанның халық суретшісі» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

Сидоркин  Евгений Матвеевич, кеңес суретші-графигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965), Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), Қазақ КСР халық суретшісі (1981), 1930 жылы Киров облысы Лебяжье ауылында дүниеге келген. Халықаралық марапаттары: Лейпцигтегі кітап көрмелерінің қола және алтын медальдары, Краковтағы халықаралық графика биенналесінің I-ші сыйлығы және алтын медалі, Венециядағы, Будапешттегі көрмелердің дипломдары.

Н.И.Фешин атындағы Қазан көркемсурет училищесін, кейін Ригадағы көркемсурет академиясын, Ленинградтағы И.Репина атындағы көркемсурет институтын бітірген (1957).

Ленинградта Гүлфайрус Исмаиловамен бірге оқып, кейін оның артынан Қазақстанға келеді. 1957 жылдан Алматы қаласында жұмыс істеді. Сидоркиннің кітап графикасындағы еңбектерінің ішінде 1959 жылы Лейпциг қаласында өткен халықаралық кітап көрмесінде қола медаль иеленген қазақ халық эпостары мен "Веселые обманщики" (1958), "Қазақ эпосы" (1959) ертегілеріне безендірулер кеңінен танымал.

1963 жылы Сидоркин "Қазақтың ұлттық ойындары" атты автолитографияларының үлкен топтамасын, 1964 жылы - "Сәкен Сейфуллинді оқығанда" деп аталатын  топтамасын жасады (Лейпцигтегі алтын медаль - 1965), 1971-1979 жылдары - "ақсақалдар" атты автолитографиялар топтамасы және М.О. Әуезовтың "Абай жолы" романын безендірді  (Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1979).

"Ғасырлар түнегінен" деп аталатын ең экспрессивті және мәнерлі топтамасын суретші 8 жыл бойы 1971 жылдан 1979 жылға дейін жасаған. 1970 жылдан бастап 80 жылдың басына дейін ол Ф. Рабле мен М. Салтыков-Щедриннің шығармаларын безендірді. Бұл жұмыстарда шебердің сатиралық таланты көрінеді, оның барлық кейіпкерлері өте жарқын мінезге және ерекше экспрессивтілікке ие. Евгений Сидоркиннің жинағына еңбек адамдарына арналған және ғарышкерлерден бастап диқандарға дейін әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыстар кіреді. 1964 жылы құрылған "Бесік жыры" автолитографиясы суретшінің экспозициясында орталық болып табылады, кенептің өлшемі 44 х 72 см.

Е. Сидоркин сонымен қатар монументалды-сәндік өнер саласында да еңбек етті, мұнда әсіресе  монументалды-жалпыланған формаға бейімділігі ерекше айқын көрінді. Ол Алматыдағы "Целинный" кинотеатрының фойесіне арналған көп қабатты түрлі-түсті граффитоның үлкен композициясын орындады. Е. Сидоркин О.Богомоловпен бірге балалар мен жасөспірімдерге арналған театр фронтонындағы мозаикалық панноның авторы.

Евгений Матвеевич Сидоркиннің жұмыстары Третьяков галереясында, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайында, Шығыс өнері мұражайы (Мәскеу), Ресей мұражайында (Санкт-Петербург), Варшава, Гавана, Лейпциг, Багдад, Скопле ұлттық галереяларында қойылған.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан Евгений Сидоркиннің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

Кітап көрмесіне келіңіздер!