+7 (727) 267-28-83

бабалар аманаты

3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Рухани жаңғыру» аясында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен Әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай, Республикамыздың барлық аймақтарында көркем еңбек пәнінінен сабақ беретін ұстаздардың туындыларынан құралған «БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, №148 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кодеков Қанағат Қалиұлы.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, академик Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Исрайл Сапарбай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жаманқараев Серғазы Құсайынұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің телерадио кешенінің директоры, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Мұхамеджанов Дәурен Мақсұтханұлы және тағы басқалар жылы лебіздерін білдіріп, сәндік қолданба өнерінің болашағына тоқталды.

Шараға суретшілер, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

бабаларр   бабалара   бабалараманаты

 

Сайтта

Қазір сайтта 284 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.