+7 (727) 267-28-83

webrabis

18 қарашада Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ОКЖ) бастамасымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесе отырып, «Web-RABIS бағдарламасының бүгінгі таңдағы деңгейі» атты онлайн семинар-коучингін өткізді. Онлайн-семинарға 25 кітапхана мамандары қатысты.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиева және Ақтөбе қ. ОКЖ директоры Қ.С. Раймбаева алғысөзбен ашты.

Онлайн-семинар барысында Ақтөбе қ. ОКЖ құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкері Ж.К.Сокабаева «Web-RABIS бағдарламасының бүгінгі таңдағы деңгейі» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандарды тіркеу бөлімінің жетекшісі П.Г.Мусулманкулова Web-RABIS бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу» модулі бойынша және Қорларды сақтау қызметінің топ жетекшісі Б.Ө.Сыбанбекова «Кітап берілімі» модулі бойынша тренинг сабақтар жүргізді. Шара барысында мамандар пікір алмасып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе қ. ОКЖ кітапханашылары ҚР Ұлттық кітапханасының мамандарына көрсетілген әдістемелік көмектері үшін алғыстарын білдірді.

вебрабис  

 

Сайтта

Қазір сайтта 296 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.