+7 (727) 267-28-83

katolog

4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 215 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.

Онлайн-семинарда Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары К.Д. Авелбекова «ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханалық жіктеу жүйесі. Индекстеудің негізгі ережелері», Э.О. Медетова «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер ағымдағы библиография» библиографиялық қөрсеткішіне ақпарат іріктеу,  құрастыру және WEB-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінде газеттің электронды PDF нұсқасындағы мақаланың аналитикалық және библиографиялық сипаттамасын түзу» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушылармен әлеуметтік желідегі электрондық ресурстардан ақпараттарды іріктеу, библиографиялық жазбаларды түзу бойынша сұрақтар талқыланды.

katalog1  

 

Сайтта

Қазір сайтта 433 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.