+7 (727) 267-28-83

Magripa

15 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында белгілі қазақстандық ғалым, физик Мағрипа Жылқыбаеваның "Алтын адамның аманаты", "Алтын адамның мұрасы" және "Құпия күштер құдіреті" атты үш томдық еңбегінің тұсаукесері өтті.

Жазушы-журналист Ертай Айғалиұлы танымдық шараны ашып, сөз кезегін Мағрипа Жылқыбаеваның қызы Шарапат Жылқыбаеваға берді.

Тұсаукесер рәсімінде Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, "Нұрлы әлем" баспасының директоры Дәулет Жарылқасын, "Құрмет" орденінің иегері, зерттеуші Болат Шарахымбай және Жапония елінің өкілі Имайо Юджи Мағрипа Жылқыбаеваның үш томдық еңбегіне тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан "Ғылым өмірі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Ғылым –ғұмыр" атты бейнетүсірілім көрсетілді.

Шараға ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдер мен халықаралық ұйымдар және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Mag1   Mag2

 

Magripa1   Magripa2

Сайтта

Қазір сайтта 457 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.