+7 (727) 267-28-83

foto1

21 қыркүйек - 2 қазан  аралығында ҚР  «Орталық мемлекеттік мұрағат»  РММ мамандары - Д.Б.Ғабдуллин, А.А.Бекмұхамбет және Р.К.Қосаевалар ҚР Ұлттық кітапханасы базасында ұйымдастырылған Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өтушілерге ҚР Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінде жүргізілетін құжаттарды сақтау бойынша заманауи әдістер ұсынылды. Сондай-ақ, құжаттық мұраны сақтау бойынша технологияларды игерді. Атап айтқанда: превентивті және фазалық консервациялау; құжаттардың зақымдану себептері мен түрлері; құжаттарды химиялық тазалау; қағаз негіздегі кітаптарды қалпына келтіру әдістері; түптеулерді дайындау; Photoshop бағдарламасындағы мұқабаларды графикалық әрлендіру негіздері; сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру ерекшеліктері. Қағаз құжаттарды және режимді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді: температуралық-ылғалдылық, жарық және санитарлық-гигиеналық бақылау.

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты  қалпына келтіру бөлімінің басшысы Д.Б.Ғабдуллин мамандардың Жазба құжаттарды, консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтуі қажеттілігін атап,  болашақта өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К.Оспанова құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курстан өткені туралы сертификаттарды табыстады.

120418295 3494639570595755 1315981693567635589 n   rgy   rgu