+7 (727) 267-28-83

26

2020 жылғы 5 маусымыда ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебі жұмысының аясында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп, «Кітапхана құжаттарын консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

 

Онлайн дәріске Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 18 кітапханасы қатысты.

Кітаптарды сақтау және қалпына келтіру бойынша тәжірибелік жұмыстар онлайн тәртібінде көрсетілді. Құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасында жүргізілетін биологиялық, физика-химиялық және механикалық тұрақтандыру бойынша жұмыстар, сондай-ақ құжаттарды ұзақ уақыт сақтау жайында ақпараттар берілді.

Қалпына келтіру-түптеу секторында: ұн желімін, графикалық бағдарламаларда мұқабаларды дайындау, қатты және жұмсақ түптеу, сирек кітаптарды қалпына келтіру және т.б. кітаптарды жөндеу бойынша қалпына келтіру жұмыстары көрсетіліп, сабақтың соңында тараптар сұрақ-жауаптарымен алмасты.

https://www.youtube.com/watch?v=ioJPwvngTRU

27   28

 

Сайтта

Қазір сайтта 748 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.