+7 (727) 267-28-83

svidpobedy

Құрметті оқырмандар!

М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының ТМД және ШЫҰ елдерінің ұлттық кітапханаларымен бірлесіп дайындаған «Кітапханалар – Жеңіс куәгерлері» атты жаңа ашық қолжетімді халықаралық ресурсын Сіздердің назарларыңызға қуанышпен ұсынамыз.

Жоба әлемдік тарихтың ең маңызды парақтарының бірі - Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған.

Ұлттық кітапханалар бүкіл адамзат тарихын кітап, баспа шығармалары және жазбалар топтамаларында сақтайды, дегенмен, оның ішіндегі ең бастысы – бұрынғы өткен оқиғалардың куәгері болғандардың бірегей естеліктері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өз қорынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары - Жеңістің куәгерлері туралы архивтік материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазба мұрағаты қорларынан құжаттар ұсынды.

«Кітапханалар – Жеңіс куәгерлері» — адамдар тағдыры, біздің бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлық батырлығы туралы жоба.

«Кітапханалар – Жеңіс куәгерлері» — ол Жеңістің қуанышты сәті туралы әңгімелер, оған жету үшін бір майданда достас халықтар айбынды шайқасқан.

это истории о радостном миге Победы, за которую единым фронтом доблестно сражались дружественные народы.

Тарихты өз кезеңінің нағыз батырлары болған қарапайым адамдар жасайды. Ұрпақтар есінде олар мәңгілікке батырлар болып қала берсін.

Ұлы Жеңіс мерекесімен!

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 116 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.