+7 (727) 267-28-83

photo53640630911233997852019 жылғы 14 қарашада VII Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумының аясында Ресей Ұлттық кітапханасының Бас ғимаратында (Садовая көш, 18) "Кітапханалар мен баспалардың сандық кезеңдегі халықаралық байланыстары" симпозиумы өтті.

Симпозиумды Ресей Ұлттық кітапханасының бас директоры Александр Павлович Вершинин ашты. Ол қонақтарды құттықтай келе сандық кезеңде кітапханалардың алдында тұрған міндеттердің маңызын атап көрсетті. Симпозиумға Белорус, Қазақстан, Қырғыз, Корея, Польша, Ресей ұлттық кітапханаларының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде кітапханалардың пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырудағы, сондай-ақ  ұлттық мұраны сақтау ісіндегі заманауи ақпараттық технологиялардың рөліне қатысты  қызметінің мәселелері жан-жақты талқыланды.

2018 жылғы Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумында басталған өзара пікір алмасу осы симпозиумда одан әрі жалғасты.

Халықаралық шараны  Санкт-Петербург Мемлекеттік мәдениет институтының кітапханалық-ақпараттық фокультетінің деканы Валентина Владимировна Брежнева мен РҰК - бас директоры Александр Павлович Вершинин жүргізді.

Симпозиумда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы "Қазақстанның құжаттық  мұрасы сандық кезеңде" тақырыбында баяндама жасады.

Симпозиумда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Ресей Ұлттық кітапханасының өзара ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

photo5363911122295565307   photo5363911122295565308   photo5363911122295565309
         
photo5363950459901029313   photo5363950459901029315   photo5363950459901029314

 

Сайтта

Қазір сайтта 137 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.