+7 (727) 267-28-83

salamat

2019 жылғы 9 тамызда  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында жазушы, журналист Саламат Хайдарұлының туғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі қойылды.

Саламат Хайдарұлы  - 1919 жылы 15 маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржол ауылында дүниеге келген. Атырау қаласындағы педтехникумды, Батыс Қазақстан облысындағы А.С.Пушкин атындағы институтты және қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Алғашқы  еңбек жолын ұстаз болудан бастаған. 

 

1943–1949 жж. Қазақстан Жазушылар  одағының Атырау облысындағы уәкілі болды.  Құрманғазы аудандық «Социалистік жол» газетінің редакторы (1949–1952), Батыс Қазақстан өлкелік «Батыс Қазақстан» газетінің Атырау облысындағы тілшісі, облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы, «Қазақстан» баспасында редакция меңгерушісі, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі қызметтерін атқарған. 

Саламат Хайдарұлы 1952 жылы саяси-қуғын сүргінге ұшырап қызметтен алынып, партиялық қатаң жазаға тартылды.

«Өрлеу жолында», «Теңіз самалы», «Қанды асу»,  екі кітаптан тұратын «Ой ұшқындары» секілді кітаптардың авторы.

Кітап көрмесіне шақырамыз!