+7 (727) 267-28-83

коре гл

2024 жылғы 10 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда 1938-2021 жылдардағы «Корё ильбо» газетінің электронды нұсқасын сыйға тарту рәсімі өтті.

Іс-шара Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығы мен «Корё ильбо» газетінің редакциясымен бірлесіп өткізілді.

Газеттің алғашқы нөмірі 1923 жылы 1 наурызда Қиыр Шығыста (Владивосток қаласы) жарық көрген. Редакция қызметкерлері Қызыл-Орда облысына қоныс аударған кезде корей қаріптерін сақтап қалуы, газеттің Қазақстанда басылып шығуына мүмкіндік берді. Газеттің алғашқы нөмірі 1938 жылы мамырда Қызыл-Орда қаласында басылып шықты. Бір ғасыр бойы газет көптеген корейліктер үшін жалғыз ақпарат көзі мен байланыс құралдары болды. Газет корей ұлттық құндылықтарының, мәдениетінің, жазуының, тілінің сақталып қалуында үлкен рөл атқарды.

Бүгінде «Корё ильбо» - Корей түбегінің арғы жағындағы танымал корейлік БАҚ. Газет аудиторияны қамту және дамыту үшін барлық ақпараттық құралдарды белсенді пайдаланады: газет ғаламтордағы сайтын, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын және т.б. дамытуда.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөз сөйледі.

Алматы қаласындағы Корея Республикасы Бас консулдығының консулы Чхве Мун Хи ханым ҚРҰлттық кітапханасына мәдени және халықаралық ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

«Корё ильбо» газетінің бас редакторы Ким Константин Станиславович өз сөзінде кітапханаға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, 1938-2021 жылдардағы «Корё ильбо» газетінің электронды нұсқасын сыйға тартты.

Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығы қонақтары үшін кітап бұрыштары бойынша Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында экскурсия жүргізілді.

коре1   коре2   коре3