KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115695
2019 жылы:  1577477
бүгiн:  16512
қазiр:  105
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2010

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Шамши Калдаяков (1930-1992): рекомендательный библиографический указатель /ҚР ҰК; құрастырғандар: Ә.Ш.Сәйдембаева, Ш.Б.Үсенбаева; редакторы А.Н.Нұрсейітова.- Алматы, 2010.- 164 б.- Қазақ, орыс т-де.- («Қазақстан өнері» сериясы).

Көрсеткіш сазгер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1958 жылдан 2010 жылдың шілде айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, сазгердің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетіндерге арналған.

Мұхамеджан Қаратаев = Мухамеджан Каратаев: библиографиялық көрсеткіш /ҚР Ұлттық к-сы; құрастырған Р.М.Әбішева; редакторы А.Б.Рақышева.- Алматы, 2010.- 209.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш жазушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері М. Қаратаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Мұнда қазақ және орыс тілдерінде 1959 жылдан 2010 жылдың маусым айына дейін жарияланған материалдар қамтылған. Әдебиеттанушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сыншының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және оқырман қауымға арналған.

Қазақстан Республикасының мекемелері, ұйымдары және көрнекті қайраткерлері мерейтойларының күнтізбесі – 2011 жыл /ҚР ҰК; құрастырған Ш.Үсенбаева. - Алматы, 2010. - 100 б.

Күнтізбекке жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті: ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш: 2 томдық /ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба жетекшілері: О.И.Исахов, Г.Қ.Балабекова; құрастырғандар: М.Әбілова, А.Н.Нұрсейітова, А.Өтебаева .- Алматы: Қазақ энциклопедиясы.- 2010.- Т.1.- 736 б.- Қазақ, шет т-де.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  туғанына 70 жыл толуына орай,  «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты екі томдық библиографиялық көрсеткіші қазақ, орыс және шет тілдерінде дайындалды. Көрсеткіш Ұлттық кітапхананың 1993 жылдан бері ҚР Президенті   туралы баспа бетінде жарық көрген басылымдардағы мәліметтер енгізіліп, тұрақты түрде толықтырылып отыратын электронды Мәліметтер қоры негізінде құрастырылды. Оған 1963 жылдан 2010 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш саясаткерлерге, тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге және көпшілік оқырман қауымға арналады.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование