KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 17 Шілде 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
барлығы:  16415564
2019 жылы:  1877346
бүгiн:  11415
қазiр:  230
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметі

 

Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметі

Қызмет жетекшісі:
Смағұлова Гульмира Байжұмақызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-75, 267-28-50
e-mail: acquisition@nlrk.kz
Байланысқа жауапты – Тайбергенова Индира Күнұзаққызы

Негізгі бағыттары:

- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын кітапхананың тақырыптық-құрылымдық үлгісіне сәйкес жүйелі түрде отандық баспа басылымдарының,  Қазақстан туралы әлем халықтарының тілдерінде басылып шыққан кітаптар мен басқа да құжаттардың,   ТМД және шетел баспа басылымдарының барлық түрлерінің топтамаларымен  толықтыру;
- Кітапхана қорын толықтыруды әмбебап құрамды, әралуан түрдегі және тілдегі барлық басылымдар мен құжаттарды жинақтау арқылы қамтамасыз ету;
- Республикалық бюджет бағдарламасынан бөлінген қаржыны әдебиеттер және мерзімді басылымдар түрлерін сатып алуда тиімді пайдалану.

Негізгі қызметтері:

- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын толықтырудың тақырыптық-құрылымдық  үлгісін жасау және іске асыру;
- ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру ісін кітапхананың басқа  құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізу;
- ҚР Ұлттық кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу;
- баспа басылымдарының міндетті даналары, сатып алу, сыйға алу, кітап алмасу (ТМД елдерінен және халықаралық кітап алмасу), мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар секілді қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу;
- Кітапханаға түскен басылымдарды АБИС бағдарламасының «Қорды торлықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, компьютерге енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру.    

Құрылымы:

- Қазақстан Республикасының басылымдарымен толықтыру секторы;
- ТМД елдерінің басылымдарымен толықтыру секторы;
-  Шет ел басылымдарымен толықтыру және Халықаралық кітап алмасу секторы;
-  Мерзімді басылымдармен толықтыру тобы.

 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование